«Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданысын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 35 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 48 бірлескен қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34960 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бірлескен қаулы) 1-тармағының қолданысы 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Тоқтатыла тұру кезеңінде Бірлескен қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«1. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері:
екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша - кепілсіз банк қарыздары бойынша 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 35 (отыз бес) пайыз; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 (жиырма бес) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша - 46 (қырық алты) пайыз;